08:38
Президент Қ-Ж.Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Ардақты ағайын!Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл – қайырымдылық пен жанашырлық, ізгілік пен имандылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мейрам.Салт-дәстүрімізбен берік ұштасқан ата дініміз – елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтың бірі.Құрбан айт қашанда барша жұртты береке-бірлікке үндейді. Ел азаматтарын бауырмал болуға шақырып, бүкіл халқымыздың ырыс-ынтымағын арттырады.Мұсылман баласы бұл күндері отбасы амандығы мен ел тыныштығы үшін құрбандық шалып, жоқ-жітікке көмектеседі, мұқтаж жандарға қамқорлық танытады. Осындай ізгі ниет пен сауапты іс ел-жұрттың бір-бірімен етене араласуына, өзара сыйластық пен жақсылыққа жол ашады.Құрбан айттың ұлағаты мен өнегесі біздің рухани құндылықтарымызбен үндеседі. Бүгінгі мерекенің мән-маңызы осында деп білемін.Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

2021 жылғы 20 шілде

Поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева с праздником Курбан айт

Дорогие соотечественники! Сердечно поздравляю вас со священным для всех мусульман праздником Курбан айт!  Он превозносит такие благородные качества, как милосердие и сострадание, добро и человеколюбие. Ислам, тесно вплетенный в наши традиции, – одна из главных ценностей, способствующих усилению духовного единства страны. Курбан айт призывает к сплоченности и солидарности, укрепляет дружбу и согласие в обществе. В эти дни мусульмане совершают жертвоприношения, помогают обездоленным, заботятся о нуждающихся. Они с верой в сердце возносят просьбы о благополучии в семье, мире и спокойствии в стране. Такие благие помыслы и добрые поступки формируют атмосферу соучастия и взаимоуважения. В этом заключается глубокий смысл светлого праздника Курбан айт, возвышенные идеалы которого созвучны нашим духовным ориентирам.Пусть исполнятся все ваши искренние надежды!

С праздником Курбан айт!

20 июля 2021 года

 

 

 

 

 

 

 

Қараулар: 1007 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]