08:06 Ораза Айт мерекесі құтты болсын! | |
Құрметті достар, жерлестер, сайтымыздың қонақтары, баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Кезінде ауылымыздың үлкендері ораза ұстап, одан кейін келген Ораза айтты бірігіп атап өтетін. Еліміздің өзінше ерекшеліктері де болды, көбі оны әлі ұмытқан жоқ шығар: Амангелді ауылында намаз оқитын, ораза ұстайтын адамдар қиын-қыстау заманның өзінде болған. Бабаларымыз дініміз бен салт-дәстүрімізге бекем болғаны әлі де есімізде. Енді артында қалған бүгінгі ұрпақ сол жолды жалғастыруы шарт: арақ-шарап ішуді тоқтату керек, темекіден бас тартуға тырысу керек, өз ара аз қалған жұрт тату және түсініспеншілікпен өмір сүру керек, себебі еліміздің болашағы өскелең ұрпақ үлкендеріне қарап өседі. Арақ ішіп, ауызына келген айтып жүрген ағалары жастарға қандай ақыл айта алады? Осының бәріне Ораза және Ораза айт күндері ойлану керек, себебі Ораза - күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза - рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі екенін барлықтарың білесіңдер. Келесі Рамазан айына дейін еліміз, шартарапқа шашыраған жұртымыз аман болсын!
| |
Санат: Мәдениет | Қараулар: 932 | | |
Пікірлер саны: 0 | |