23:57
Мерейтойдан алған әсер. Эхо праздника.

Құрметті жерлестер, сайтымыздың қонақтары, көптен күткен Амангелді ауылының 70 жылдық мерейтойы өте шықты. Атап өту керек, жоғары деңгейде өтті. «Тойдың болғанынан боладысы  қызық» деген қазағым. Болады дегенін де қызығумен өткіздік, талқыладық, қобалжыдық, тойдың  болғанын да көзімізбен көріп, жүрегімізбен қабылдап, сездік, қуандық. Ауылымыздың үлкен тойын жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан, уақытын бөліп, ауыртпашылығын көтерген, біріншіден, ауыл тұрғындарына, екіншіден, спонсорлық жасаған азаматтарға, үшіншіден, ауылдан көшіп кетсе де, тойды өткізуге қомақты қаржы жинап берген жерлестерге, ең бастысы осы шараны өткізуге ұйытқы болған, ұйымдастыру жұмыстарын тиісті деңгейде өткізген Алмагүл Сейсенбайқызына және Ибрагим Қабдоллаұлына зор алғыс айтамыз. Той барысында түрлы қызық шаралар болды, бірақ ең бастысы көп жылдар бойы бірін-бірі көрмеген жүздеген адамдардың кездесуі, сәлемдесіп, толқулары мен көз жастарын жасыра алмаған жерлестердің сезімдері болды. Қазақ, орыс, немісі аралас ауылдастар үлкен тойдағы кездесуде қуаныштарын жасырмады. Астана, Алматы, Павлодар, Көкшетау, Екібастуз, Ақсу қалаларынан, Ресей Федерациясының Омбы қаласы мен аудандарынан, Якутиядан жерлестеріміз келді. Сонау Германиядан белгілі бір себептермен келуге мүмкіндігі болмаған Елена Пугачева Амангелді ауылына өлең арнап, оған ән қосып жерлестеріне жолдады. Сөз соңында айтарымыз: Осындай ауыз бірліктен жерлестерімізді айырмасын!

Впечатления от юбилейного праздника.

Дорогие земляки, гости нашего сайта! Долгожданный 70-летний юбилей села Амангельды остался в наших сердцах как незабываемое событие, наполненное теплом встреч, радостью общения и светлой ностальгией. И стоит отметить, что праздник прошел на самом высоком уровне, став настоящим торжеством единства и дружбы. Как говорит наш народ, иногда предвкушение праздника приносит не меньше радости, чем сам праздник. Мы все вместе ждали этого дня, обсуждали его, волновались, строили планы, и вот он наступил. Когда долгожданное событие свершилось, мы прочувствовали его сердцем, окунулись в атмосферу праздника и снова ощутили, насколько дороги нам родные места и наши земляки.
Огромная благодарность жителям села за участие и поддержку, меценатам за спонсорскую помощь, а также нашим односельчанам, которые, хоть и живут вдали, но не забывают малую родину и помогли организовать этот праздник. Особые слова признательности — Алмагуль Сейсенбайкызы и Ибрагиму Кабдуллаулы, чья самоотверженная работа позволила провести мероприятие на достойном уровне.
Юбилей стал не просто чередой концертов и торжеств, но, главное, — местом встреч сотен людей, которые не виделись десятки лет. Бесценны эмоции радости и волнение, слезы на глазах тех, кто обнимал друзей детства. Казахи, русские, немцы — все односельчане искренне радовались долгожданной встрече. На праздник приехали земляки из Астаны, Алматы, Павлодара, Кокшетау, Экибастуза, Аксу, Омска, сельских районов Омской области и даже из далекой Якутии. Елена Пугачева, которая по определенным причинам не смогла приехать из Германии, посвятила селу Амангельды стихотворение, подобрала к нему музыку и передала своим землякам песенный привет-воспоминание. 
В завершение хочется сказать: пусть дружба, сплоченность и взаимная поддержка наших земляков живут всегда, а любовь к родной земле передается из поколения в поколение!

 

 

Қараулар: 184 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 3
0  
3 Айваз   (Кеше 14:18) [Материал]
Керемет👍

0  
2 @sezim   (Кеше 13:28) [Материал]
Молодцы такие!

+1  
1 777Qwerty   (Кеше 10:49) [Материал]
Өте жақсы той болды. Барлықтарына рақмат айтамын

Имя *:
Email *:
Код *: