22:02
Дәстүрге айналуда! Становится традицией!

Естеріңізде болса, жаңа 2024  жыл алдында 1967 жылдың түлектері өздері оқыған мектепке шырша сыйлағаны туралы сайтымызда жазған едік. Енді тағы бір керемет жаңалықты желіден оқып, сіздерге ұсынып отырмыз. Ауылымыздың мектебін 2004 жылы бітірген түлектер өздері оқыған білім ордасына арнап, екі тігін машинасын тарту еткен екен. Түлектер атынан сыйлықты мектепке Жүрсінов Қайыртас пен Шарманов Еслан жеткізген екен. Қандай керемет! Егер түлектер жыл сайын өздерінің дәстүрлі кездесілерінің аясында немесе мектеп аяқтағандарының белгілі бір датасына арнап, осындай сыйлықтарды жасап тұрса, керемет бір дәстүр болар еді. Осындай игі дәстүрді қалыптастыру туралы біз осыдан 4 жыл бұрын сайтымызда жазған едік, енді міне іске асырыла бастағанына өте қуаныштымыз. Әр мектеп түлектерімен мақтанады, әр түлек өз мектебін ұмытпай осындай сыйлықтарын жасап отырса,  ол  керемет дәстүрге айналар еді.
Если помните, накануне нового 2024 года выпускники 1967 года подарили своей родной школе новогоднюю елку. Это было замечательное начинание, достойное подражание. Сегодня мы узнали, что выпускники 2004 года поддержали это и в год 20-летия окончания ими школы подарили родной Альма  Матер швейные машины. Подарок в школу доставили Журсунов Каиртас и Шарманов Еслан. Молодцы! Так надо держать всем выпускниками всех лет!  В 2020 году на нашем сайте уже было предложение о том, чтобы выпускники не забывали о родной школе. И вот теперь мы видим, как на наших глазах это становится доброй традицией.

2004 жылғы түлектер тізімі:
1. Амангельдинова Жанар Қайырқызы
2. Амангельдинова Жұлдыз Қайырқызы
3. Асылбаев Еркебұлан Теміртөлеуұлы
4. Бахтиярова Гүлзат Келденқызы
5. Бейісов Бахтияр Базарханұлы
6. Бейсембаева Бибігүл Сағымбайқызы
7. Дайыргельдинов Артур Серікбайұлы
8. Жаңабаева Алмаз Қырықбайқызы
9. Журсінов Қайыртас Егізбайұлы
10. Қажиқатова Альмира Жүнісқызы
11. Қажмағамбетов Кенжебай Тұяқұлы
12. Қалиева Индира Ермекқызы
13. Қадырбаева Гүлназ Қойшыбайқызы
14. Мурзалинова Асель Шайдоллақызы
15. Нұрғалиев Дәурен Ермұханұлы
16. Нұрғалиева Ботагөз Сүйімбайқызы
17. Темірбекова Махаббат Сағындыққызы
18. Тулегенов Дәурен Жұматайұлы
19. Шарманов Еслан Сейсембайұлы
20. Шарықбаев Нұржан Халелұлы
21. Якушева Ирина Анатольевна

Ақпарат ашық көздерден алынып, өңделді. Сурет түлектерден алынды.

Санат: Білім | Қараулар: 393 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]