12:00
Еске алу. Светлой памяти Багиран Айтжановны

Рамазан айында оқылған дұғаларыңыз бен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, құрметті жерлестер! Жазмыштан озмыш жоқ дейді қазақ халқы. 2019 жылғы 26 қаңтарда біздің елдесіміз, біреуге сүйген жар, біреуге дос, біреуге әріптес болған Байниязова Бағиран Айтжанқызы дүниеден озды. Байниязова Бағиран Айтжанқызы 1961 жылы Новосибир облысының Искитим деген қаласында дүниеге келген. Орта мектепті Семипалатинск облысының Бесқарағай ауданындағы Беген ауылында аяқтаған. 1980-1984 жылдар аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқыды. 1986 жылы Амангелді ауылына Байниязовтар әулетіне келін болып түсті. 1986 жылдан 2012 жылға дейін Амангелді орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1986 жылдан 1995 жыл аралығында әріптес болып, бірге жұмыс істедік. Өз пәнінің білгір маманы, әзілдеудің орнын білген әріптесіміз еді. 2012 жылы отбасымен Павлодар қаласына көшіп келіп музейде және мұнай-газ колледжінде сабақ берді. Алайда өмірде адамның жоспарындай бола бермейді. Аязы қақаған қаңтарда жұбайы Боранбай мен қызын Гүлмираны артында қалдырып, фаниден бақиға көшті. Жатқан жері жәннатта болсын, артында қалған дары, баласы, немерелері көп жасасын. Қасиетті Рамазан айында аруақтарға ауыз ашырып, дұға оқып, өткендерімізді еске алайық!

Әріптестер

 

Дорогие земляки, с наступлением Священного месяца Рамазан! Это месяц, когда вспоминают ушедших в мир иной, читаю суры священного Корана. И мы сегодня хотим вспомнить человека, которая была кому супругой, кому-то другом, коллегой, землячкой – Байниязову Багиран Атйжановну. Ее понят все, кто когда-либо жил в Амангельды и учился в нашей сельской школе. Байниязова (Алакова) Багиран Айтжановна родилась в 1961 году в г. Искитим Новосибирской области. Среднюю школу окончила в с.Бегень Бескарагайский района Семипалатинской области. В период с 1980 по 1984 годы училась в Павлодарском государственном педагогическом институте. В 1986 вышла замуж и приехала в наше село. С 1986 по 2012 годы она работала учителем физики Амангельдинской средней школы. Мы были коллегами, это был сильный предметник, находивший общий язык со всеми детьми. Умела уместно пошутить и от души посмеяться. В 2012 года вместе с семьей она переехала в г. Павлодар. Работала в музее, преподавала в нефтегазовом колледже физику. Но судьба не спрашивает людей, как они хотят… В лютый январский мороз она, оставив после себя своих родных и близких, ушла в вечность. Светлая ей память! В священный месяцем Рамазан пусть ваши молитвы будут приняты Всевышним!

Коллеги

 

Қараулар: 954 | Қосқан: Жунус
Пікірлер саны: 1
0  
1 Gul7939   (25.05.2019 18:56) [Материал]
Адал жар, ана болуымен қатар Бағиран Айтжанқызы көп жылдар бойы біз үшін құрметті, кәдірлі әріптесіміз болды. Жатқан жері жарық болсын. Жаны жәннәтта, топырағы торқа болсын.

Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]