10:12
Баянауылға саяхат

Амангелді ауылының оқушылары маусым айының басында керемет бір күндерді өткізді, себебі  мектеп оқушылары 3 күндей ауылдан 500 километрден аса алыста жатқан Байынауылда болып қайтты. Оқушылардың көбі Байынаулды бірінші рет болыпты және қысқа мерзімде (2-3 күн) өңірдің барлық қызықты жерлерін тамашалып қайтыпты, бұл: Торайғыр көлі, сол жерде орналасқан С.Торайғыровтың кесенесі, Баянауыл ауылындағы геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының кадемигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың мұражайы, Қонырәулие қасиетті үңгірі, Жасыбай батыр ескерткіші, Жасыбай мен Сабынды көлдері. Бұл саяхат өте әсерлі болғаны анық.  Осы саяхатқа жауапты болған ұстаздар Н. Шонбаев пен Г. Бахтиярова, ал демеуші болған Ж.Қадыров. Оқушылардың саяхатын ұйымдастырған ұстаздар мен демеуші болған  Жомарт Жылқыбайұлына зор алғыс.















 



 

Санат: Тәрбие | Қараулар: 620 | Қосқан: Admin | Тегтер: Амангелді, Амангельды, саяхат, Поездка, Баянауыл, Баянаул
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]