20:45
Амангельды - 70

Құрметті жерлестер!Керемет жаңалық — биыл біздің ауылымыз Амангелдінің құрылғанына 70 жыл толады! Бұл бәріміз үшін ерекше дата. Осы жерде дүниеге келіп, өскендер үшін, ауыл мектебінде оқып, таныс көшелерде жүгіріп, өзіміз Бурчак деп атайтын ауыл шетіндегі көлдің жағасында күн сәулесіне шомылып, осы тыныш, мейірімді мекенді әлі де сағынышпен еске алатындар үшін – бұл шын жүректен атап өтетін айтулы мереке. Ауылдың мерейтойына орай арнайы ұйымдастыру комитеті құрылды. Алдын ала жоспар бойынша, той 28 маусым күні өтеді. Амангелдіні жүрегімен жақсы көретін баршаңызды – қай қалада, қай өңірде, тіпті қай елде болсаңыз да – осы атаулы шараға шақырамыз. Бұл күн – туған жердің таныс жүздерін қайта көруге, балалық пен жастықтың ауасын қайта сезінуге, жүрекке жақын мекеннің топырағына табан тіреуге тамаша мүмкіндік.
Егер сіз мерекенің ұйымдастырылуына үлес қосқыңыз келсе, шараны қолдауға, не болмаса келу ниетіңізді білдіруге дайын болсаңыз – төменде осы бағытта жауапты адамдардың байланыс нөмірлері көрсетіледі. Олар қаражат жинау мен үйлестіру жұмыстарымен айналысады.
Қайда жүрсеңіз де, қымбатты амангелділіктер, осы шағын ауылды ұмытпаңыздар. Бұл – сіздің алғашқы үйіңіз, өмірге басқан алғашқы қадамыңыз. Осында алғаш рет балабақшаға бардыңыз, мектеп партасына отырдыңыз, армандадыңыз, өстіңіз, достастыңыз. Тағдыр бізді елдің, тіпті әлемнің әр түкпіріне шашыратып жіберсе де, жүрегімізде Амангелді – біздің үйіміз, біздің жадымыз, біздің жанымыз болып қала береді.
Иә, ауыл өзгерді... Өкінішке қарай, жақсы жағына емес. Бірақ естеліктер өзгермейді: балалықтың күлкісі, кешкі әңгімелер, мектеп қоңырауы мен үзілістегі у-шулар, даланың самал иісі... Мұның бәрі – ортақ тарихымыздың бөлшегі.
Біз еске алған сайын – ауылымыз да өмір сүре береді.
Бұл мерейтой – қайта жүздесуге, құшақтасуға, туған жерге алғыс айтуға тамаша себеп болсын.
Амангелдіде жақын күнде кездескенше!

Сүйіспеншілікпен және құрметпен,
жерлестеріңіз.

Анықтама ретінде: Амангелді атындағы астық совхозы 1954 жылғы 7 сәуірдегі №197 Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес құрылды. Алғашқы қазық 1955 жылы қағылып, құрылыс басталды.

Қаражат жинауға әр жылдың түлектері арасынан бір адам тағайындалған.
Егер көметесемін десеңіздер, солардың біреуіне аты-жөніңізді жазып, жібере аласыздар.
Кез келген көмек ескерілетін болады.


Дорогие земляки! Замечательная новость — в этом году нашему родному селу Амангельды исполняется 70 лет! Это особенная дата для всех нас — тех, кто здесь родился и вырос, кто учился в местной школе, бегал по знакомым улочкам, ловил солнечные лучи на берегу бурчака, и кто до сих пор с теплотой вспоминает это тихое, доброе место. Для организации и проведения юбилея села создан оргкомитет по подготовке к празднованию, которое предварительно состоится 28 июня. Мы приглашаем всех, кому дорог Амангельды — независимо от того, где вы сейчас живёте: в других городах, регионах или даже странах. Этот день — шанс вновь увидеть родные лица, пройтись по знакомым местам, вдохнуть тот самый воздух детства и юности. Если вы хотите внести свой вклад в организацию праздника, поддержать мероприятие или просто сообщить, что планируете приехать — ниже будут указаны контакты ответственных лиц, занимающихся сбором средств и координацией. Дорогие амангельдинцы, где бы вы ни находились, не забывайте это маленькое село. Оно стало вашим первым домом, вашей отправной точкой в жизнь. Именно здесь вы впервые пошли в детский сад, сели за школьную парту, мечтали, взрослели, дружили. Пусть судьба разбросала нас по разным уголкам страны и мира, но в сердцах каждого из нас живёт Амангельды — наш дом, наша память, наша душа. Да, село изменилось… Из-за политических катаклизмов и трансформаций не в лучшую сторону. Но воспоминания остаются неизменными: детский смех, вечерние разговоры на лавочках, школьный звонок и шумные перемены, запах степного ветра...
Всё это — частицы нашей общей истории.
И пока мы помним — живёт и село.
Пусть этот юбилей станет поводом для новой встречи, для улыбок и объятий, для слов благодарности родной земле. До скорой встречи в Амангельды!

С любовью и уважением,
земляки.

Справочно: Зерновой совхоз имени Амангельды был создан в соответствии с Постановлением Совета Министров Казахской ССР от 7 апреля 1954 года № 197. А первый же колышек был вбит в 1955 году.

Для тех, кто хочет поддержать , сообщаем, что сбор идет по 10, 000 тенге,
Для тех, кто в России – это
примерно 1, 585 российских рублей.
Для тех, кто в Германии – это
примерно  17, 51 евро.
Для тех, кто в Узбекистане – это
примерно  253,105 узбекский сум.

Можно отправить к ответственному из вашего школьного выпуска.


Давайте поддержим, независимо от того, сможем принять участие или нет.
70-летие не каждый день бывает. И эта дата для нашего села и нас больше не повторится.

 

 

 

 

 

Қараулар: 418 | Қосқан: Admin
Пікірлер саны: 0
Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]