Әжекеұлы Қабжаләл
12.07.2019, 15:47

Әжекеұлы Қабжәләл 1900 жылы Ертіс ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген. Кейін осы ауылдың негізінде «Жаңа таң» атты колхоз құрылған. Жас кезінен ауыл молдасынан сауат ашып, араб қарпін меңгерген. Кейін өзі де балаларға хат танытып, ұстаздық еткен. Ағашорын ауылының тумасы қыпшақтың қосайдар тармағына жататын беделді отбасында туған Зүркен екеуі отбасын құрды. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруге ұмтылып, көп оқыған, үйінде шағын болса да жақсы кітапханасы болған. Абай мен Сұлтанмахмұт өлеңдерін жатқа айтып, домбыра тартып, өзі де ән шығарып, өлең жазатын. Осы қасиеттері арқылы ол балалары – Бәну мен Амантайдың (Амангелді) бойына әдебиетке сүйіспеншілік пен білімге құштарлық дарытты.Қызы Бәну жастайынан әкесінің туыстары мен достарына қазақ жазушылары мен ақындарының шығармаларын дауыстап оқып беретін.
Қабжәләл еңбек жолын колхозда есепші болып бастаған. Кейіннен түрлі колхоздарға басшылық етті. Соғыс жылдарындағы қиын кезеңде Ертіс ауданындағы Пушкин атындағы колхоздың төрағасы болып сайланды. Әскерге бронь бойынша алынбаған. Сол ауыр соғыс жылдарында колхоздар майданның сенімді тылына айналып, барлық қиындықтарға қарамастан, әскерді қажетті азық-түлікпен, өніммен қамтамасыз етті.
Соғыс аяқталған соң, Әжекеұлы Қабжәләл қайтадан туған ауылына оралып, «Жаңа таң» колхозының төрағасы болып сайланды. Сол қытымыр жылдары ауыл еңбеккерлері арнайы қоныс аударылғандармен бірге, техника болмағанына қарамастан, егіс жұмыстарын сәтті жүргізе алды. Мал суаратын тоғандар салу қажет болғандықтан, адамдар қолмен бөгеттер тұрғызған. Алайда көктемгі қар суы көбейген кезде бұл бөгеттер бұзылып, оларды қайта-қайта жөндеуге тура келетін.
Жазда малға азық дайындау да ауыр еңбек болатын. Техника жетіспегендіктен, шөп қолмен шабылып, бауға жиналды. Осындай қиындықтарға қарамастан, Қабжәләл елдің еңсесін түсірмей, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Ол көрші Ресей ауылынан диірмен ісінің маманын отбасымен бірге көшіріп әкеліп, Ақсуда алғаш рет диірмен салдырды. Содан бастап ауыл тұрғындары өз ауылында-ақ ұн тарту мүмкіндігіне ие болды.
Құрылыс материалдары тапшы болса да, Қабжәләл колхоз басқармасының ғимаратын салуды ұйымдастырды және сол жылдары колхоз тарихында алғаш рет жүк көлігін сатып алды.
Замандастары Әжекеұлы Қабжәләлды сауатты, талапшыл әрі іскер басшы ретінде ерекше құрметтеген. Ол бар ғұмырын туған ауылының өркендеуіне арнады және аудан мен облыс көлемінде де беделге ие болды.
Әжекеұлы Қабжәләл 1953 жылы өмірден өтті. Артында қызы Бәну мен ұлы Амантай (Амангелді) қалды.
Ұлы Амантай Семей қаласындағы педагогикалық институттың тарих факультетін бітіріп, Амангелді орта мектебінде мұғалім, кейін ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарды. 1980 жылы дүниеден өтті. Жұбайы Тоты Боранбайқызымен бірге екі ұл — Сансызбай мен Дүйсенбайды, екі қыз — Алмагүл мен Айгүлді тәрбиелеп өсірді.
Қызы Бәну Қабжаләлқызы екі үл, бір қыз тәрбиелеп, өсірді, ұзақ жылдар бойы Амангелді атындағы совхоздың бухгалтериясында қызмет етіп, ұжымның құрметіне бөленді. Зейнетке шыққан соң ұлдары Мұрат пен Болатпен бірге Павлодар облысы, Екібастұз ауданының Солнечный кентінде тұрды, қызы Павлодар облысына қарайтын Ақсу қаласында тұрып жатыр. Бәну Қабжаләлқызы 2023 жылы 83 жасында өмірден өтті.
Өмір жолы өнегеге, еңбегі елге үлгі болған Әжекеұлы Қабжәләлдың есімі – туған жер тарихындағы асыл естелік.

Бәну Қабжәләлқызы

Ажекеулы Кабжалял родился в 1900 году в селе Аксу Иртышского района. Позже на базе этого села был создан колхоз «Жана тан» («Новая заря»). С юных лет он обучался у сельского муллы, овладел грамотой и арабским письмом, а впоследствии сам обучал детей грамоте и преподавал.
Он создал семью с Зүркен — уроженкой села Ағашорын, происходившей из уважаемой семьи рода кипчаков, ветви Қосайдар. Всю жизнь стремился к саморазвитию, много читал, имел пусть небольшую, но хорошую домашнюю библиотеку. Знал наизусть стихи Абая и Султанмахмута Торайгырова, играл на домбре, сочинял песни и стихи. Благодаря своим талантам и духовной культуре сумел привить детям — дочери Бану и сыну Амантаю (Амангельды) — любовь к литературе и стремление к знаниям. С ранних лет дочь Бану читала вслух произведения казахских писателей и поэтов родственникам и друзьям отца.
Трудовую деятельность Кабжалял начал бухгалтером в колхозе, а позже возглавлял различные хозяйства. В трудные военные годы был избран председателем колхоза имени Пушкина Иртышского района. В армию его не призвали по броне. Известно, что в годы войны колхозы стали надежным тылом армии: несмотря на тяжелейшие условия, они обеспечивали фронт продуктами и всем необходимым.
После окончания войны Ажекеулы Кабжалял вернулся в родное село и был избран председателем колхоза «Жана тан». В те суровые годы сельчане совместно со спецпереселенцами, несмотря на отсутствие техники, сумели успешно провести посевную кампанию. Для обеспечения водопоя скота требовалось создавать водоёмы, и люди вручную строили плотины. Однако весной, когда начиналось таяние снега, вода часто сносила эти плотины, и их приходилось неоднократно восстанавливать.
Летом крестьяне вручную заготавливали корма для зимовки — косили траву и укладывали сено в стога. Несмотря на все трудности, Кабжалял не позволял людям падать духом, проявлял организаторские способности и умение вдохновлять коллектив. По его инициативе из соседнего российского села был приглашён специалист по мельничному делу с семьёй, и в Аксу была построена первая мельница. С этого времени жители получили возможность молоть зерно прямо в своём селе.
Даже при нехватке строительных материалов Кабжалял сумел организовать строительство здания правления колхоза, а также впервые в истории хозяйства приобрести грузовой автомобиль.
Современники вспоминали Ажекеулы Кабжаляла как грамотного, требовательного и деятельного руководителя, посвятившего всю жизнь процветанию родного края. Он пользовался большим уважением не только среди земляков, но и во всём районе и области.
Ажекеулы Кабжалял скончался в 1953 году. После него остались дочь Бану и сын Амантай (Амангелді).
Сын Амантай окончил исторический факультет Семипалатинского педагогического института, работал учителем в средней школе имени Амангельды, затем был председателем сельского совета. В 1980 году он ушёл из жизни. Вместе с супругой Тоты Боранбайкызы они вырастили двух сыновей — Сансызбая и Дүйсенбая, и двух дочерей — Алмагуль и Айгуль.
Дочь Бану Кабжалялкызы воспитала двух сыновей и дочь. Многие годы проработала бухгалтером в совхозе имени Амангельды, где пользовалась большим уважением. Выйдя на пенсию, жила с сыновьями Муратом и Болатом в посёлке Солнечный Экибастузского района Павлодарской области, а дочь проживает в городе Аксу. Бану Кабжалялкызы скончалась в 2023 году на 83-м году жизни.
Жизненный путь и трудовая биография Ажекеулы Кабжаляла — достойный пример для потомков, а его имя навсегда останется доброй памятью в истории родного края.



 

 

 

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 578 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: