Мусин Әмірхан
07.08.2023, 20:03

Адам ғұмыры тек өткерген жылдарымен емес, әр күніне сіңірген еңбегімен өлшенеді. Мұны әсіресе талай ауыр сынақтар мен үлкен өзгерістерді бастан кешкен аға буынның тағдырына көз жүгірткенде тереңірек түсінесің. Олардың жүріп өткен жолы жеңіл болған жоқ, алайда дәл сол жолда мінез қалыптасты, ерік-жігер шыңдалды, шынайы адамдық қадір-қасиет орнықты. Менің атам да еңбегімен, жауапкершілігімен және үнсіз жасалған адамдық ерлігімен өрілген ғұмыр кешті. Ол ешқашан атақ-даңқ іздеген емес, биік сөз айтудан гөрі, барлығын ісімен дәлелдеуді жөн көрді. Бала кезінен-ақ нанның, жердің, адал еңбектің қадірін біліп өсті. Оның өмірі туған жерінің тыныс-тіршілігімен, қуанышы мен уайымымен бір ырғақта өрбіді. Еңбек ол үшін міндет емес, жан дүниесінің табиғи қалпы еді. Ол істі сабырмен, тиянақпен, бар күш-жігерін сала атқаратын. Сол қалпында – еңбекқор, қайсар әрі сенімді бейнесімен – ол біздің жадымызда мәңгі сақталды.
Менің аяулы атам Мусин Әмірхан 1910 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданының Қарақұдық ауылында дүниеге келген. ХХ ғасырдың 30-жылдары бұл ауылда Амангелді колхозы құрылып, 1955 жылы осы атаумен жаңадан ұйымдастырылған совхоз құрамына енді.
Атам балалық шағы мен жастық кезеңін түгелдей Қарақұдық ауылында өткізді. Жас кезінен-ақ ересектермен қатар еңбек етіп, Амангелді колхозында жұмыс істеді. 1930 жылдардың соңында ол Павлодар облысы Ертіс ауданының Пушкин атындағы колхозында (қазіргі Ағашорын ауылы) туған Құсайынова Әшираға үйленді.
1941 жылы олардың жалғыз баласы – менің әкем Дүйсенбай дүниеге келді. Көп ұзамай Ұлы Отан соғысы басталып, 1941 жылдың шілде айында атам әскер қатарына шақырылды. Ол Қиыр Шығыста, Хабаров өлкесінде әскери қызмет атқарды. Соғыс аяқталғаннан кейін де қызметін жалғастырып, тек 1947 жылы ғана елге оралды.
Әскерден қайтқан соң атам біраз уақыт туған ауылы Қарақұдықта тұрды, кейін Омбы облысы Русская Поляна ауданының Белики ауылына көшіп, онда ұзақ жылдар моторист болып еңбек етті. 1971 жылы қайтадан кіндік қаны тамған жерге – Павлодар облысы Ертіс ауданының Амангелді совхозына оралды. Бұл жерде ол ат арбасымен жүк тасушы болып жұмыс істеп, балабақша мен мектепке азық-түлік жеткізумен айналысты.
Атам өте мейірімді, еңбекқор әрі сауатты адам болатын. Ол көп оқитын, «Жұлдыз», «Жалын» журналдарын үнемі алдырып, кешкісін әжем екеуі бізге солардағы әңгімелерді дауыстап оқып беретін. Мен сол бір тыныш, жылы кештерді ерекше жақсы көретінмін, әрқайсысын асыға күтетінмін.
Атам әжемді шын жүректен сүйіп, үнемі қамқор болып, қорғап-қолдап жүретін. Бізге де шағын болса да, жүрекке жылу сыйлайтын тосынсый жасап, қуантқанды ұнататын. Әлі күнге дейін туған күнімде маған әдемі лентасы бар аппақ мысық сыйлағаны есімде – ол мен үшін күтпеген әрі зор қуаныш еді.
Атам мен әжем өте қонақжай жандар болатын. Бәлкім, сондықтан болар, совхозға жұмысқа жаңадан келген көптеген жас мамандар алғашқы кезде біздің үйде тоқтайтын еді.
1978 жылдың 25 наурызында атам 68 жасында дүниеден өтті. Ал бірнеше жылдан кейін, 1984 жылы әжем де өмірден озды. Бірақ олардың мейірімі, еңбекқорлығы мен жан жылуы туралы естелік жүрегімізде мәңгі сақталып қалды.
Жылдар өте келе адам ғұмыры ұрпақ жадында жалғасатынын анық түсінесің. Жадымыз тек оқиғаларды ғана емес, қолдың жылуын, дауыстың үнін, әдеттер мен іс-әрекеттерді де сақтайды. Онда өмір өткен туған жер, әр бұрышы еңбек пен маңдай терге толы мекен де бірге өмір сүреді. Дәл сол жерде мінез қалыптасып, жауапкершілік орнығып, өмірдің басты құндылықтары бойға сіңді. Біз күш-қуат беріп, асыраған жерге шексіз алғыс айтамыз. Атама серік болған, еңбек пен қуанышты, сынақты бірге көтерген адамдарға да ризамыз. Мұның бәрі бекер емес еді – ауыр еңбек жылдары да, ұзақ жолдар да, бастан кешкен жоғалтулар да. Оның өміріндегі ең басты құндылық – адал еңбек, туған жер және адамдық ар-намыс болды. Оның жанында жүрген адамдар өзін сенімді, тыныш әрі жылылықта сезінетін. Ал біз оның өмір жолын еске алып, қадір тұтқан сайын, атамның ғұмыры біздің жүрегімізде жалғаса береді.

Арман Мусина

Жизнь человека измеряется не только прожитыми годами, но и тем трудом, который он вложил в каждый свой день. Особенно ясно это понимаешь, оглядываясь на судьбы старшего поколения, прошедшего через тяжёлые испытания и большие перемены. Их путь редко был лёгким, но именно в этом пути формировался характер, закалялась воля и рождалось истинное достоинство. Мой дед прожил жизнь, полную труда, ответственности и тихого человеческого подвига. Он не искал признания и не говорил громких слов, предпочитая доказывать всё делом. С раннего детства он знал цену хлебу, земле и честной работе. Его жизнь шла в одном ритме с родной землёй, с её заботами и радостями. Труд для него был не обязанностью, а естественным состоянием души. Он умел работать терпеливо, основательно и с полной отдачей. Именно таким – трудолюбивым, стойким и надёжным – он навсегда остался в нашей памяти.
Мой дорогой дедушка, Мусин Амирхан, родился в 1910 году в ауле Каракудук Иртышского района Павлодарской области. В 30-е годы 20-го века в этом селе был организован колхоз Амангельды, который в 1955 году вошёл в состав вновь созданного совхоза с тем же названием.
В ауле Каракудук дедушка провёл всё своё детство и юность. С ранних лет он трудился наравне со взрослыми, работая в колхозе Амангельды. В конце 1930-х годов он женился на Кусаиновой Ашире – уроженке колхоза имени Пушкина (ныне аул Агашорын) Иртышского района Павлодарской области.
В 1941 году у них родился единственный ребёнок – мой отец, Дюсенбай. Вскоре началась Великая Отечественная война, и в июле 1941 года дедушка был мобилизован в армию. Служить ему довелось на Дальнем Востоке, в Хабаровском крае. Даже после окончания войны он продолжал службу и демобилизовался лишь в 1947 году.
Вернувшись с фронта, дедушка некоторое время жил в родном селе Каракудук, а затем переехал в село Белики Русско-Полянского района Омской области, где многие годы проработал мотористом. В 1971 году он вновь вернулся на родную землю – в совхоз Амангельды Иртышского района Павлодарской области. Здесь он работал извозчиком, доставляя продукты в детский сад и школу.
Дедушка был очень добрым, трудолюбивым и образованным человеком. Он много читал и всегда выписывал журналы «Жулдыз», «Жалын», рассказы из которых по вечерам читал нам с бабушкой. Я очень любила эти тихие, тёплые вечера и с трепетом ждала каждого из них.
Дедушка искренне любил бабушку, заботился о ней и всегда старался оберегать. Он стремился делать нам приятные сюрпризы и радовать простыми, но искренними поступками. До сих пор помню, как на мой день рождения он подарил мне белого котёнка с красивым бантом – это было полной неожиданностью и огромной радостью для меня.
Дедушка с бабушкой были очень гостеприимными людьми. Наверное, именно поэтому многие молодые специалисты, приезжавшие работать в наш совхоз, первое время жили у нас в доме.
25 марта 1978 года дедушки не стало – он ушёл из жизни на 68-м году. А спустя несколько лет, в 1984 году, умерла и бабушка. Но память о них, об их доброте, трудолюбии и душевной теплоте навсегда осталась в нашем сердце.
С годами всё яснее осознаёшь, что человеческая жизнь продолжается в памяти потомков. Память бережно хранит не только события, но и тепло рук, интонации голоса, привычки и поступки. В ней живут родные места, где прошла жизнь, где каждый уголок связан с трудом и заботами. Именно там формировался характер, рождалась ответственность и закладывались главные жизненные ценности. Мы испытываем глубокую благодарность земле, которая кормила и давала силы жить. Мы благодарны людям, с которыми дед делил трудовые будни, радости и испытания. Всё это было не зря – ни годы тяжёлой работы, ни долгие дороги, ни пережитые утраты. Главной ценностью его жизни был честный труд, родная земля и человеческое достоинство. Рядом с ним люди чувствовали надёжность, тепло и спокойствие. И пока мы помним его путь, его жизнь продолжается в наших сердцах.

Арман Мусина

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/5


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: