Ильяшев Қабылқақ
07.04.2020, 14:57

Сағат соғып, көзден сәуле өшкесін,
Ел есінде қалатұғын көп пе есім?
Өткендердің өмір жолын дәріптеп,
Өмір қайта тоқымай ма кестесін.

Сөз түйетін бабаларым кешегі,
Жақсылардың аты мәңгі деседі.
Ел есінде қалса жақсы істері,
Асылдардың аты қалай өшеді.

Автор, 2014 жыл

Ұланғайыр Ертіс ауданында халық шаруашылығының әр саласында, білім, денсаулық салаларында, партия-кеңес қызметінде еселі еңбек етіп ел есінде қалған дәуірінде беделі бекем болған адамдар аз емес. Солардың әрқайсысы өз дәуірінің ел алдында болған абыройлы, ардақты азаматтары еді. Өкінішке орай олардың басым бөлігі ортамызда жоқ бүгінде. Жер бетіндегі қамшының сабындай қысқа ғұмырында ел, жерінің ертеңі үшін бойындағы барын сарқып беріп мәңгілік мекенге аттанған.  Шеттерінен бірегейлер еді десем, еш артықшылығы жоқ солардың. Сондай бірегей азаматтардың бірі-Иляшев Қабылқақ Иляшұлы еді.  
Көне да жаңа Ертіс ауданында табан аудармай 44 жыл қызмет атқарған Қабылқақ ағамыз түгін тартса май шығатын белесінен берекесі, өрісінен малы кетпеген Ертіс ауданының төл тумасы. Аудан орталығынан шалғайда орналасқан талай жақсылардың мекені Амангелді колхозының 1-бөлімшесі Қарақұдық ауылында 1937 жылдың 20-қазанында дүние есігін ашқан екен. Аудан аумағын құмды дауылдай жайпап өткен ашаршылықтан соң, ел еңсесін толық ұмыта қоймаған кезі ғой, сол заманның балаларында қай бір бақытты балалық болды дейсіз. Балалығын базарлай алмай өскені тайға таңба басқандай анық емес пе?! 
Жасы жетіге жеткенде алғаш мектеп табалдырығын туған ауылында аттап, осында бастауыш сыныпты бітірген. Оқуын сол дәуірдегі замандастары секілді, талай озық ойлы азаматтардың арманына қанат байлап, өмір жолына аттандырған қазақ тілінің қарашаңырағы Ертіс ауылында №2 жалғастырып, мектептің 10-сыныбын 1954 жылы аяқтаған.   
Жай ғана қара танитын ортада туып өскен ол, жоғары білімді, білгір маман, өз заманының кемел ойлы азаматы болуды өмір жолына темірқазық етсе керек. Содан 1954 жылы кеңес дәуіріне дейінгі қазақ даласында қазақ өркениетінің, мәдениеті мен әдебиетінің алтын ордасы болған кәрі Семейдің Н.Крупская атындағы педогогикалық иниститутына оқуға түскен. Оқуға өте зейінді, зерек Қабылқақ ағамыз, студент болып жүрген уақыт, ғылымға етене ден қойыпты. Оған Қазақстанның бірінен бірі жүйрік кілең зиялы қауымы-әдебиет, өнер, театр, кино, ғылым майталмандарының шығармалары, ой-пікірлері, жаңалықтары басылатын «Простор» журналына (ол кез Советский Казакстан» атанған) 1959 жылдағы №9 санына «Максим Горькийдің Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығына әсері» деген мақаласының басылуы куә. 
1958 жылы иниституттың 5-курсында оқып жүргенде, сол дәуірдің ағымы-партияның шақыруымен 17 жас маман қазіргі Абай облысының Шұбартау ауданының ауылдарына аттанып, ұстаздық жолын-еңбек жолын бастаған. Иниститутты бітірген соң туған ауданына оралып, қазірігі Ынтымақ ауылындағы Октябрь 7-мектебінде жемісті еңбек еткен. Қабылқақ ағамыздың Ынтымақтағы қызметін жемісті деп атауға толық негіз бар. Жасынан білімге ғана емес, ғылымға да өнерге де бейім қоғам белсендісі осы ауылдағы қызмет еткен 3 жылда ауыл жастарын ұйымдастырып, Ертіс ауданында алғаш рет ауылдық жерде қазақ тілінде М.Әуезовтың «Айман Шолпан», Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклін саханалап, оны Ертіс, Иса Байзақов ауылдарында Тереңкөл ауданының Жас қайрат ауылдарында жұрт назарына ұсынды. Осы туралы сол кездегі аудандық газеттер «Иртышская прада», «Ертіс правдасы» газеттері жабыла жазыпты. Бұл газеттер бүгінде Ертіс ауданының орталық кітапханасының қорында сақтаулы.
1961 жылы кіндік қаны тамған, балалығының балапан ізі қалған туған ауылы Қарақұдықтың іргесінде Амангелді мектебіне директорлық қызметке ауыстырылды. Қанша айтқанмен сағынғанда аңсап оралатын, оған Алла сәтін салмаса, жүрек түбінде сағыныш болып, сарғайып жататын ардақты ата-баба мекені емес пе, осында мектеп үйін салуға ұйытқы болып, басы, қасында өзі жүрді. Директорлық қызмет еткен 4 жыл ішінде ауыл мектебін танымастай етіп өзгертті. Өмірдің қай саласында болмасын, белсенділік танытып, жасындай жарқыраған азамат, аудан басшыларының назарына ілікпей қалған жоқ. Қызметі жоғарылап, 1965 жылы Ертіс аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Үкімет міндеттеген жұмысын, өзгенің көзіне түсетіндей, таңдай қақтырарлықтай етіп жастық жігермен атқарған Қабылқақ ағай, осы қызметінде 1970 жылға дейін атқарды. 
Сол жылы Сілеті кеңшарының партия комитетінің хатшылығына ұсынылды. Өз ісіне әммесімен берілген хатшы, бұнда да іскерлігімен білімділігінің нәтижесінде жұмысын ұршықтай үйіріп әкетті. Ауыл тұрғындарымен тығыз қарым қатынаста болып, олардың талап тілектеріне басты назар аударды. Сөйтіп, аудан орталығынан шалғайда жатқан ауыл мектебінде Ертіс өнер мектебінің филиалын ашуға ұйытқы болғанын біреу білер, біреу білмес. Өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, үнемі ел алдында жүруді мақсат еткен ағамыз, Ертіс ауданында алғаш рет Сілеті кеңшарында «Ленин бөлмесін» ашқаны тағы бар. 
1975-1980 жылдар Ертіс аудан аумағында егістік көлемі жағынан ең ірі шаруашылық Суворов кеңшарында (бүгінгі Ұзынсу ауылы) партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. Қай жерде істемесін жаңашылдық жанына үйір, еңбекке елгезек адам, аудандағы үгіт насихат жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, ауылда «Насихатшылар үйін» және «Сайлаушылар үйін» ұйымдастырды. Партия-кеңес қызметінің аудандағы үздігі Қабылқақ Иляшұлының атқарған өнегелі ісі туралы «Қазақстан насихатшысы» журналында 1978 жылы орын тапқан екен. Бұған қоса, Суворов кеңшарында В.Дудкина басқарған ауданда алғаш жас қыздардың егістік бригадасын ұйымдастырылғанда оның басы, қасында болған да осы жанкешті жаңашыл, іздемпаз адам Қабылқақ ағай.
Ағайдың ең ұзақ қызмет еткен орны қазіргі Ертістің агро-техникалық колледжі, бұрынғы СПТУ-39. Бұл білім ордасында ол тоғыз жыл-1980-1989 жылдар еңбек етті. Бұнда да іскер адам өзінің өрелі қолтаңбасын қалдырып кетті. Теориялық оқу мен еңбек тәжірибесін қатар ұштастыра жүргізуге арналған оқу орнының техникалары сол кездегі заман талабына сай емес-ті. Олар моралдық тұрғыдан да, материалдық тұрғыдан ескі болатын. Осыны дер кезінде түсінген Қабылқақ Иляшұлы КСРО ның ірі қалаларындағы зауыттармен тығыз байланыс жасап, ЗИЛ автокөлігін шығаратын Мәскеудің Лихачев зауытына, әйгілі «газондарды» шығаратын Горький қаласына, УАЗИК шығаратын Ульяновск қалаларына жазғы демалыс айлары оқушыларды өндірістіке тәрбиелеу шеберлермен бірге аттандырды. Сөйтіп, үш жыл ішінде оқу орнының материалдық базасы нығайып, 2 ГАЗ-52, 1 ЗИЛ, 1 ГАЗ-53 жүк көліктерін және жеңіл 1 УАЗ-469 автокөліктері алынды. Осы айтып отырғанымыз Абайдың: «Тірісінде қазақтың жақсысы жоқ, өлгенен соң жаманы жоқ» дейтініндей кейбіреулерге лепірме сөз ретінде көрінуі де мүмкін. Бірақ, 1985 жылы Ульяновск қаласында болып өз қолымен УАЗ жеңіл автокөлік жинап әкелген ел ағасы жасына жеткен Рамазан Тәуенұлы Мүсүров есімді азамат бар. Зейнет жаста, Ертіс ауылында тұрады. Рамазан сол Қабылқақ Иляшұлымен қызмет еткен жылдарын бір тәтті сезіммен еске алып отырады.
Ағамыз жан тәнімен беріліп қызмет еткен кеңес үкіметі келмеске кеткен жылы, ол аудандық оқу ағарту бөлімінде еңбек ететін. Көзі ашық, көкірегі ояу ағамыз тәуелсіздігін қуана қарсы алды, енді бүкіл КСРО ға емес, туған жеріне қызмет ету, ол үшін үлкен абырой еді. Осы қызметінде 1989-1995 жылдар аралығында істеді. 1995-1997 жылдар Ертіс аудан әкімі аппаратының ұйымдастыу-кадр бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1997 жылы зейнеткерлікке шыққан соң, Ертіс ауданы ардагер кеңесінің төрағасы қызметін 2022 жылға дейін атқарды. 2003 жылы Павлодар қаласына қоныс аударған соң да, қарап отырмай, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінде тұрақты комиссияны басқарды.
Партия-кеңес қызметінде істеген жылдар «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі» медалімен, В.Ленинге 100 жыл мерекелік медалмен марапатталған Қабылқақ ағай 2009 жылы 72 жасында өмірден озды. Ұрпақсыз қалған жоқ, құдайы қосағы Күләш екеуі өмірге Шолпан, Сәуле есімді екі қыз сыйлап кетті.  
Мен білетін Қабылқақ Иляшұлы Иляшевтың мынау фәни жалғанда жүріп өткен жолы осындай. Бірге қызмет етпесем де, СПТУ-39 директорлық қызмет атқарған жылдардан жақсы таныс едім. Іскерлігін, қызметіне адалдығын сол кезден білемін. Және де Қаз КСР нің 10 жылдығы атындағы кеңшарда 20 директорлық қызмет еткен Кенжек Кәкімұлы Кәкімов замандасымен отбасыларымен өте жақсы араласып тұрды. Бүгінде өмірден озған екі азамат та халқына қалаулы, еліне елеулі, өзгелерге үлгі өнеге бола білген іскер, еңбекқор, абыройлы адамдар еді. 
    Жандары жәнәттә, топырақтары торқа болсын.

 Самат Мәненұлы 
 

 



Ильяшев Кабылкак Ильяшевич родился 20 октября 1937 года в селе Амангельды Иртышского района Павлодарской области. В 1954 году окончил Иртышскую казахскую среднюю школу и поступил  в Семипалатинский государственный педагогический институт имени Н.К.Крупской и в 1959 году его окончил. В связи с нехваткой учителей с 5-го курса института по зову ЦК компартии Казахстана поехал в составе 17 человек на учительскую работу в 1958 году в Чубартавский район Семипалатинской области. Еще в студенческие годы занимался научной работой, о чем говорит его статья, опубликованная в журнале «Советский Казахстан» №9 1959 года (Простор) под названием «Влияние А.М.Горького на творчество Г.Мусрепова». Он, работая учителем в Октябрьской 8-летней школе, организовал в Иртышском районе, впервые на казахском языке, представление пьесы «Айман-Шолпан», «Кыз  Жибек» на сценах г.Иртышска, в Беловодском совхозе, Жаскайрате Качирского района, о чем неоднократно написано на страницах газет «Ертис правдасы», «Иртышская правда» (в 1960 году). В 1961 году  году за одно лето начал свое директорство в Амангельдинской 8-летней школе со строительством здания школы из 8 классных комнат. На следующий год комплекс школы полностью приобрел завершенный вид. Руководил стройкой сам Ильяшев К. С 1965 по 1970 годы работал завотделом пропаганды и агитации Иртышского райкома партии. С 1970 по 1975 годы работал секретарем Селетинской партийной организации, где впервые в районе начала функционировать «Ленинская комната» и во исполнение наказа избирателей как депутату районного  совета народных депутатов открыл в селе филиал Иртышской музыкальной школы. С 1975 по 1980 годы работал в секретарем парткома Суворовской партийной организации, где организовал «Дом агитаторов», «Дома избирателей», как новая форма идеологической работы. Все это отражено в журнале «Агитатор Казахстана» за 1978 год. Здесь же впервые в районе и области была создана молодежная женская тракторная бригада, где бригадиром была Дудкина Валентина Васильевна -  кавалер многочисленных орденов труда страны. С 1980 по 1989 годы работал директором СПТУ-39, где проявив самостоятельность проводил практическую подготовку учащихся в крупных городах СССР – в Москве, Горьком, Ульяновске. С их же помощью укрепил материально-техническую базу училища. За три года вне плана было приобретено один УАЗик, 5 автомашин от ЗИЛа до ГАЗ-53. С 1989 года по 1995 год работал инспектором по опекунству в РОНО. С 1995 по 1997 годы работал завотделом организационно-кадровой работы аппарата акима района, с  1998 по 2002 годы председателем Иртышского районного совета ветеранов. После переезда в город Павлодар с 2003 года возглавляет одну из постоянных комиссий областного совета ветеранов войны и труда.  Работая на партийной работе, был удостоен правительственными наградами: орденом «Знак Почета», медалью «За трудовую доблесть в честь 100-летия В.И. Ленина». Вместе с супругой Куляш воспитали двух дочерей Шолпан и Сауле. 
Ильяшев Кабылкак Ильяшевич скончался в 2009 году в г. Павлодар.

 

Категория: История | Добавил: Admin
Просмотров: 917 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/5


Всего комментариев: 0
Verify you're human *: