17:06
Намыс

Жұмалап соққан бораннан Ертіс қаласынан шыға алмай әрең дегенде елге жеттім. Мені Аманкелді атындағы совхоз директоры міндетін атқарушы Жылқыбай Бейсенбайұлы Қадыровтың өзі автобус аялдамасынан  қарсы алды.  Қайда жүрсің, сені сағындық. Тоса, тоса, екі көзім төрт болды, дейді. Бас агроном Карагатеев Әмірдің гаражда тұрған ГАЗ-69 автокөлігінен рация ұрланған. Өздері бір жұма іздеп, көрдім, білдім жоқ. Қажығасын күдер үзіп қойған. Гараж есігіндегі қара құлыпты ілгегімен жұлып алған. Біздің білетінміз алған ұры, көрген құдай деп ренжиді, ұрының ізін кескенмен, қарлы боран ізін басып қалған. Жылқыбайдың менімен құрдастығы тағы бар, рация табылмаса, күні ертең ағаш аттың басына ілмесіне кім кепіл?

Дей тұрған мен, рация бұларға тастай жұмбақ болғанымен Жылқыбайдың сөйлеу сарынан қылмыстың сыры мен үшін ашылды. Намыстанған мен рация жиырма минуттың ішінде, орнында тұрады деп кесіп айттым. Маған сенерінде, сенбесінде білмей, аң-таң болып олар қалды. Әрине, жиырма минутқа жетпей рацияны қолдарына табыс еттім. Жылқыбай болса, өткенде Серік Назымбек ұлының шет елдік магнитофонын кабинеттен шықпай тауып берді, дегендері рас екен деп басын шайқады. Алайда құрдастың бір қағары ішінде, әттең төс қалтаңда қызыл билетің болмағанда, жеті қабат көктен пері түсіретін жігітсің, дей келіп менің қолымды қысты.

 

Қ. Жұмажанов

«Ертіс нұры», № 39 , 25 мамыр 2006 жыл

Санат: История | Қараулар: 727 | Добавил: Admin | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]