Ел барма Аманкелді сенен ыстық, себебі сенен түлеп, сенен ұштық. Жансарин Жаркен ағамыз жырлағандай, құт берек дарыған астықты елдің он жыл дәмін татып, суын іштім, қылмыстың алдын алып, жолын кестім. 1980 жылдың қаңтарында Аманкелді, Ленин атындағы тың совхоздарына ширек ғасыр толғанда, милиция өкілі болып генерал-майор Мұхажановтың бұйрығымен осы жолдың авторы тағайындалды. Мені елмен, жермен қала берді участокпен таныстыруға Ертіс қала аудандық ІІБ-нің бастығы милиция полковнигі Оразбай Қуанышев мырзаның өзі жолға шықты. Су жаңа Уаз автокөлігінің тізгінін мығым ұстаған милиция старшинасы Доценко Анатолий Степанович, жер апшысын қуырып келеді. Бет алысымыз Аманкелді қыр
...
Читать дальше »
Категория:
История
|
Просмотров:
802
|
Добавил:
Admin
|
Дата:
30.03.2020
|
|
Жұмалап соққан бораннан Ертіс қаласынан шыға алмай әрең дегенде елге жеттім. Мені Аманкелді атындағы совхоз директоры міндетін атқарушы Жылқыбай Бейсенбайұлы Қадыровтың өзі автобус аялдамасынан қарсы алды. Қайда жүрсің, сені сағындық. Тоса, тоса, екі көзім төрт болды, дейді. Бас агроном Карагатеев Әмірдің гаражда тұрған ГАЗ-69 автокөлігінен рация ұрланған. Өздері бір жұма іздеп, көрдім, білдім жоқ. Қажығасын күдер үзіп қойған. Гараж есігіндегі қара құлыпты ілгегімен жұлып алған. Біздің білетінміз алған ұры, көрген құдай деп ренжиді, ұрының ізін кескенмен, қарлы боран ізін басып қалған. Жылқыбайдың менімен құрдастығы тағы бар, рация табылмаса, күні ертең ағаш аттың
...
Читать дальше »
Категория:
История
|
Просмотров:
727
|
Добавил:
Admin
|
Дата:
30.03.2020
|
|
Аманкелді атындағы шаруашылық – облыстағы ең шалғай орналасқан қыр совхоздарының бірі. Қызметке келген бетім, ауылда ұрлықтың ұшынып тұрған кезі. Қырдың ұры жолдары аздай, дәл әргеден Кереку- Омбы тас жолы, Көкше-Русская Поляна, Омбы темір жолы өтеді. Қысқасы, тоқсан жолдың торабы, сауысқаннан сақ болмасаң, бір-ақ түнде жиған-тергеніңді жоқ қылады. Әді есімде 1981-дің тамыз айы, екі кештің арасында көшеде сығандар қаптап кетті. Ендігі жетпегені, сығандар еді, бұлардың басқан іздерінен шөп шықпайтыны елге мәлім, бақсам, Русская Поляна жеріндегі әріптестерім сығандарын маған тоғытқан. Ол кезде сығандар тұрақты мекенге қоныстанбайтын.
...
Читать дальше »
Категория:
История
|
Просмотров:
721
|
Добавил:
Admin
|
Дата:
30.03.2020
|
| |