Жыл сайын 9 мамыр күні – Жеңіс күнін ерекше құрметпен, үлкен тебіреніспен атап өтеміз. Бұл – тарихтың қатпарлы беттерінде алтын әріптермен жазылған, ерлік пен қаһармандықтың мәңгілік символына айналған күн. Ұлы Отан соғысы – адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыстардың бірі. Бұл соғыс тек бір ғана елдің емес, тұтас халықтардың тағдырына әсер еткен кезең болды. Қазақстан халқы бұл Жеңіс үшін жан аямай күресті. Ресми деректер бойынша, Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам адам майданға аттанды. Бұл сол кездегі республика халқының төрттен бірі болатын. Жауынгерлеріміз Кеңес Одағының барлық майдандарында шайқасты. Мәскеу түбінде, Сталинградта, Ленинградта, Курск доғасындағы қанды қырғындарда, Берлинге шабуыл жасағанда да қазақстандық сарбаздар алдыңғы шепте жүрді. Олардың ішінде аты аңызға айналған тұлғалар аз емес. Мысалы, атақты ұшқыш Талғат Бигелдинов – Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, жаудың жүздеген ұшағын жойған батыр ұлан. Мәскеу үшін шайқаста ерекше ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлының есімі тек Қазақстанда емес, бүкіл ТМД елдерінде құрметпен аталады. Ол батыр ғана емес, әскери стратег әрі жазушы ретінде де ел тарихында өшпес із қалдырды. Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қыздары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова – нәзік жанды болса да, ерлік пен патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетті.
Қолына қару алып соғысқандар қатарында біздің жерлестеріміз де болды, соғысқа кеткендердің жартысынан көбі ауылға оралмады. Жандары пейіште жалқысын.
Тылдағы еңбек еткендер де Жеңіске зор үлес қосты. Қазақстан аумағында 460 зауыт пен фабрика ашылып, майданға қажетті оқ-дәрі, киім-кешек, азық-түлік жөнелтіліп тұрды. Ауыл тұрғындары күндіз-түні еңбектеніп, әрбір түйір бидай мен шеге, әрбір арба мен шолақ шоқпар – барлығы майдан үшін, Жеңіс үшін қызмет етті.
Бүгінгі ұрпақ үшін бұл Жеңістің құны – өлшеусіз. Бұл күн – қанды майданда қаза тапқандардың рухына тағзым ету, аман оралған ардагерлерге алғыс айту күні. Өкінішке қарай, олардың қатары жылдан жылға өте сиреп қалды. Ауылымыздағы соғысқа қатысқан ардагерлеріміздің барлығы келмеске кетті.
Бүгінгі бейбіт аспан – сол батырлардың жанқияр ерлігі мен ерен еңбегінің арқасы. Ендеше, Жеңіс күні – тек өткенді еске алу емес, ол – болашаққа деген сенім мен ұрпақтар сабақтастығының айғағы.
Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат, ұмытылмас тарих.
ДЕНЬ ПОБЕДЫ – ПАМЯТЬ И ГОРДОСТЬ НАРОДА
Ежегодно 9 мая мы с особым трепетом и уважением отмечаем День Победы — день, ставший символом мужества, стойкости и беззаветной любви к Родине. Великая Отечественная война стала одной из самых трагичных страниц в истории человечества. Она затронула судьбы миллионов людей и изменила ход мировой истории.
Народ Казахстана внёс огромный вклад в дело Победы. С нашей республики на фронт ушли более 1 миллиона 200 тысяч человек — это почти четверть населения Казахстана того времени. Наши воины сражались на всех фронтах — под Москвой и Ленинградом, в Сталинградской битве и на Курской дуге, форсировали Днепр, освобождали Варшаву, штурмовали Берлин.
Среди героев было множество выдающихся казахстанцев. Дважды Герой Советского Союза, лётчик-истребитель Талгат Бигельдинов, уничтоживший десятки вражеских самолётов. Легендарный батыр Бауыржан Момышулы, проявивший редкое мужество в битве за Москву, стал символом воинской доблести и казахской чести. Наши девушки — снайпер Алия Молдагулова и пулемётчица Маншук Маметова — первыми среди казашек были удостоены звания Героя Советского Союза, отдав свои жизни за Родину.
Храбро воевали на войне и наши земляки. Больше половины наших аульчан не вернулись с войны. Вечная им память.
Не менее важен был трудовой фронт. В тылу, на казахстанской земле, были построены сотни заводов и фабрик, эвакуированы предприятия, выращивались и отправлялись на фронт продукты, одежда, боеприпасы. Люди работали сутками, не щадя себя, чтобы приблизить Победу. Женщины, старики, дети — каждый внёс свой вклад.
Сегодняшнее поколение должно помнить: мирное небо над головой — это результат подвига миллионов. День Победы — это день памяти павших и благодарности ветеранам.
|