22:25
Ауыл музейі туралы ойлар.

Өткенде чатта мектеп жанынан музей ашу туралы ойымды айтқан едім. Енді сәл толықтыра кетейін. Музей дегенің мәдениеттің үлкен бір бөлігі. Музей өткенді, ауылдың тарихын, өз тамырымызды ұмытуға мүмкіндік бермейтіні және жастарымызды өткенмен  таныстыруға жол ашатыны анық. Ауылымыздың  мәдениеті, өмірі туралы түсінік береді, еліміздің тарихын көрсетеді. Музейге не қоямыз деген сұрақ туындайды. Не қоямыз? Талай үйлерде өткен кезден қалған ескі заттар бар, түрлі әшекейлер бар. Мысалы кейбір үйлерде кезінде Бәри ақсақалдың жұбайы (есімін ұмытып отырмын) соққан күміс жүзіктер мен білезіктер табылады, неге соларды қоймасқа? Өткенде барлықтарыңыз көрген 87 жыл болған бесікті неге қоймасқа? Болады. Ал егер иелері бергісі келмесе, онда соның түрлі-түсті суретін музей қабырғасына іліп қоюға болады. Тағы не қоюға болады?



ауылдың пайда болуы туралы, тұрғындар туралы, ауылдың тарихы туралы;


Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы,  соғыстан оралмағандар туралы, майдан хаттары;


алғашқы тың игерушілердің, еңбек озаттарының фотосуреттері мен өмірбаяны, олардың құрмет грамоталары;


кезінде болған ғимараттардың фотосуреттері, ескерткіштердің сипаттамасы;


туған ауылдың адамдары мен оқиғалары туралы газет материалдары; материалдық және рухани мәдениет заттары;


мектеп тарихы бойынша мұрағаттық құжаттар; мұғалімдер, оқушылар, түлектер туралы мерзімді баспасөзден алынған материалдар, мұғалімдердің, түлектердің фотосуреттері, оқу процесі туралы мәліметтер; мектептің бастапқы тарихы, алғашқы мұғалімдер туралы мәліметтер; оқушылардың мақтау грамоталары, күнделіктер, дәптерлер, мұғалімдер мен оқушылардың марапаттау парақтарының көшірмелері, жеке заттар, ардагер мұғалімдердің естеліктері;


ескі музыка ойнатқыш (проигрыватель), музей Қазақстанда болғандықтан қазақтың ұлттық киімін, ескі домбыра үлгілерін, тақия, шапан үлгілерін қоюға болады. Үлкен фотоальбом ортада қоюға болады тағысын тағы...


Әрине көрме стендтері мен экспозицияларының жабдықтары  қажет болады, бірақ музей жасаймыз деген күні оның бәрі шешіледі бастайды. Және жерлестер материалдарды да жинай бастайды.


Музейді ашуға не керек? Адам керек!


Ауылымызда не мектепте музейді ашуға дайын, көзі жанып тұрған ауыл азаматы керек. Одан басқа ештеңе керек емес. Өзгесінің бәрі өз жолымен жасалады, себебі ең бастылардың бірі – музей ашуға мектеп ішінде кабинет табылатын шығар.


Қымбатты жерлестер, бұл тек ой …


*ҚР Мәдениет туралы Заңының қазақ тіліндегі редакциясына 2015 жылғы 28 қазанда өзгеріс енгізіп, заңдағы «Мұражай» сөзін «Музей» деп алмастырды.



 

Қараулар: 921 | Қосқан: Moder
Пікірлер саны: 2
0  
2 Aza   (30.01.2023 21:30) [Материал]
Идея замечательная. Другое дело, кто возьмется реализовать. Вот в чём дело.

+2  
1 Кымбат   (30.10.2022 11:01) [Материал]
Керемет ой .... жақсы болар еді....

Пікірлерді тек тіркелген қолданушылар ғана қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]