15:44 Омбы облысының қазақша жер-су атаулары | |
Амангелді ауылы Ресеймен шекараға жақын жерде орналасқанын білеміз. Кезінде шекара болмай араласып жатқан ел. Ал егер 17-18 ғасырларды алсақ, қазіргі Омбы облысының жерінде қазақтар көшіп жүргендігі туралы орыс зерттеушілері көп жазады. Яғни бүгінгі күннің өзінде Омбы облысында қазақша атаулардың болғаны ол сол кезден қалған сөздер деп білген жөн. Қазірдің өзінде біз білетін қазақша атаулар аз емес, мысалы: Қоңыр, Аяқшілік, Жөншілік, Тамшілік, Байгел, Самырза, Алабота, Миян, Жарағаш, Қаратерек, Егеағаш, Алқұл, Қараөзек, Сарыбай, Суқамыш, Бесқұдық, Сұлукөл, Жаңатаң, Қызылтаң, Қараман, Тотыбай, Байғұтты, Боян-Көбен, Алпысбай, Шымылдық, Жаңы Құлан, Боран, Сатыбай, Рақылжан, Талапкер, Артын ағай, Тырналы. Осы қысқа мақалада тек Русская Поляна мен Нововаршавка аудандарындағы қазақша атаулар қамтылды. Мүмкін осы екі аудандағы басқа қазақша атауларды ұмытылып қалды. Егер білетін болсаңыздар, қосыңыздар. Астындағы комментерде жазуға болады.
Ресей аумағында қалған Омбы аймағының кезінде өзгертілген атаулары. Изюмовский – Атабай-Томар (1904 жылы өзгерген) Харитоновская – Байғын ағаш (1907) Князетрубецкая – Жалғыз құдық (1904) Антоновское – Дүйсенбай-Шілік (1904) Ново-Николаевское (Цветнополье) – Шұңқыр бейіт (1904) Побочное – Тоғысбай (1904) Зеленополье – Үлкен-Шілік (1904) Екатеринославская – Ұзынкөл (1907) Федоровка – Ұзынкөл (1907) Федоровка – Тілеміс (1907) Кохановское – Аманжан (1907) Андреевка – Бөгенбай (1903) Ляличи – Бас айғыр (1904) Бобровка – Жарқынағаш (1904) Генераловка – Егіндіағаш (1903) Белосток – Қырықты қызыл (1907) Калиновское – Қара-Томар (1904) Горнозаевка – Май (Мамай) (1904) Новоекатиеринославка – Ұзынағаш (1903) Павлоградка – Шарбақты (1899) Игнатьевка – Сырпайша (1904) Дувановка – Төбет (1907) Новокунянское – Естемір (1906) Новоцарицинское – Басқұмдыкөл (1904) Платовское – Сағасай (1907) Розовка – Келдібек (1903) Славянская – Қаратерек (1905) Голубовка – Мойнақ (1904) Степановский – Ащыкөл (1899) Соловьевское – Итемген (1907) Терпение – Қойсойған (1904) Новодонское – Қоскөл (1904) Громогласовка – Әулиесу (1907) Полтавка – Сарыкөл (1894) Зароская – Саржан (1907) Христиановская – Садақ (1907) Мамоновка – Тереңсай (1904) Н.Лукьяновка – Сұлуағаш (1908) Платоновка – Қосқызыл (1908) Новосергиевская – Әлеуке (1904) т.б. Дерек «Казахи Омского Прииртышья» экциклопедиясынан алынды. Мақала қоса ақпарат Нововаршавка ауданы: Алқұл, Жарағаш, Қараөзек, Қараман, Ұйымдасу, Таврический ауданы: Әмре, Іргебай, Ақпан, Ағыс, Байтұяқ, Арбабай, Бұжан, Жапырақты, Жүзбай, Жаңа ауыл, Іргебай, Қарақұнан, Қарасырым, Сарысырым, Қожа, Қоянбай, Ақпан, Талдыағаш, Жүзбай, Отын үйген, Ырыспай, Сәттібай, Талдыағаш, Түлек, Тарбақ, Таймас, Үкібай, Русская Поляна ауданы: Алтыбай, Ұзынағаш, Ағашорын, Басағаш, Шортанбай, Бозан, Бөрілі, Ералы-Біралы, Қаратал Целинный совхозына қарасты, Қаратал Новосанжаровка совхозына қарасты, Қоянды, Миян, Самырза, Тамшілік, Тоганас, Аяқшілік. Есілкөл ауданы: Әлім, Бақабас, Қасқа ат, Қойбағар, Құдияр, Омар, Тасан, Торыат. Шарбақкөл ауданы: Әлеуке, Жандай, Ақпай, Айбас, Бұрыл, Балта, Боранкөл, Үлкен Ысқақ, Қаратал, Дүйсенбай, Жаңауыл, Жансай, Жаманқала, Жұмабай, Қарағаш, Қойшыбай, Өтеген, Қаиыпберген, Қопа, Құдықшілік, Мәшен, Меруерт, Молдахан, Мырзаболат, Найман, Ортакшыл, Сәрсенбай, Ескі Жанан, Томар, Бірлік, Табын, Топал, Тілеген, Ұзынкөл, Шақат, Шахман, Шоқпыт. Одесса ауданы: Атқырылған, Жақынағаш, Қаржас, Көктерек, Қыстауағаш, Құрас, Шаңдақ, Шұбар бие, Москален ауданы: Бостандық, Базарбай, Бақтыбай (ауыл№1), Бөкен, Әбейті, Досай, Донай, Домбай, Дүйсетай, Елеуіш, Жаңауыл, Қойшыбай (ауыл№3), Жексенбай, Қарағаш, Қызылағаш, Рамадан, Саға, Тұнба. Назыбай ауданы: Үлкен Бәйімбет, Кіші Бәйімбет, Бостандық, Жолдыөзек, Қараңғы Арал, Керей, Сұлутерек, Марьянов ауданы: Байнияз, Жандос, Жүніс, Қабыл, Үлкен Қарабас, Кіші Қарабас , Қаратерек, Құлансу , Қызылшілік, Мырзағұл, Сәдуақас, Шонай. Азов ауданы: Бакзе, Бибатыр, Жолбарыс, Қожан-Бекен, Құдықшілік, Құлан, Құттымбет , Қырыққұдық, Сағынай, Самырат, Сегізбай, Секербай, Сонакөз, Түлек, Шәріп. Полтава ауданы: Бастерек, Қазыбек, Қаудантал, Тарғыл бұқа, Павлоград ауданы: Байғұтты, Балқожа, Бостан, Есенгелді , Жәдігер, Қайдауыл, Керат, Керейбай, Састомар, Тоқтауыл. Горьковский ауданы: Белсенді, Дүйсен, Ахмет. Омбы қаласында: Бозтөбе (қазір Қаржас), Көкөзек. Омбы ауданы: Жүсіп. Шарлақ ауданы: Жартарғұл Қызылтаң, Құрымбел, Медет, Ұлжай. Тюкала ауданы: Ашшыкөл, Бекіш (Бекишево) Кендірлі, Үлкен Кендірлі, Қанғалы, Қызырлы, Құмыра, Қазкель, Қоскөл (Кошкуль), Қолкөл (Колкуль), Қалмақ (Колмаково), Қонкөл (Конкуль), Черталы, ? Қабырға (Қабырдақ), Қошар, Сарыбалық, Селискуль - ? Тары ауданы: Айтқұл, Үлкен Тұралы (Большая Туралы), Сауысқан (Соускан), Барлық мәліметтер ашық дерек көздерден алынды. jetline
| |
Санат: Тарих | Қараулар: 590 | |
Пікірлер саны: 7 | |||||
| |||||