15:32
Амангелді ауылы — тарихы, еңбегі мен үміті тоғысқан 70 жыл.

2025 жылдың 28 маусымында Павлодар облысы Ертіс ауданына қарасты Амангелді ауылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл – еңбек ерліктері мен мәдени өрлеуге, тұтас ұрпақтардың тағдырымен астасқан тағылымды белес. Ауыл шежіресінің бастауы – 1954 жылдың 7 сәуірі. Дәл осы күні Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Амангелді атындағы астық кеңшары құрылып, тың жерлерді игеру жұмыстары басталды. Кеңшар «Амангелді» мен «Жаңа Таң» колхоздарының материалдық-техникалық әлеуеті негізінде, мемлекет меншігіндегі тың алқаптарда ұйымдастырылды. 1955 жылы алғашқы қазық қағылып, құрылыс жұмыстары жанданып, тың игерушілер келе бастады. Жаңа шаруашылықтың қалыптасуына көршілес Қарақұдық пен Ақсу ауылдарының тұрғындары – құрылысшылар, механизаторлар, ұстаздар белсене атсалысты. Олар алғашқы күннен-ақ ұлы істің бастауында тұрған шын жанашыр жандар болды. Уақыт өте бұл ауылдар кеңшардың бөлімшелеріне айналды.
Әр жылдары Амангелді кеңшарына жетекшілік еткен азаматтар: Азаров В.Н., Потапов Г.Л., Колпаков И.Т., Буренков И.И., Мищенко А.Г., Богдашин В.В., Ахметов Г.А., Көпбергенов Қ.Қ., Нұрғалиев М.О., Қадыров Ж.Б. Ауылдық кеңесте төрағалық қызмет атқарғандар: Жылқыбаев Ж.Ж., Жарасов Д.Ж., Балтабаев А.Ж., Жәкетов А.Ж., Қабжәләлов А.А., Асылбаев Н.М., Кулинич Н.Г., Сейфуллин Б.С., Логинов В.И. Ауыл әкімдері қатарында – Арғынбаев Т.Б., Қарағатев Д.А., Байниязов Б.К., Бельгубаев Қ.Қ., Әлкенов Д.Т., Амангелді ауылдық округының қазіргі әкімі – Шарманова А.С.
Ауыл дамуы жыл өткен сайын қарқын ала түсті. 1956 жылы алғашқы бастауыш мектеп ашылса, 1961 жылы сегізжылдық, 1973 жылы толық орта мектеп пайдалануға берілді. 1983 жылы автономды жылу жүйесімен жабдықталған жаңа үш қабатты мектеп ғимараты бой көтеріп, оқу-тәжірибе алаңы құрылды. Бұл білім ордасы ауылдың рухани және мәдени тірегіне айналды. Ал шалғай бөлімшелерден келген оқушылар үшін интернат жұмыс істеді. Ең қиын-қыстау кезеңдерде мектеп директоры болған Н.М. Асылбаев көрегендік пен табандылық танытып, оқу процесінің үзілмеуін, мектеп базасының сақталуын қамтамасыз етті.
Мектепке дейінгі білім беру ісі де өз жүйесін тапты. Алғашқы балабақша бейімделген ескі ғимаратта орналасқанымен, 1987 жылы алты топтан тұратын заманауи екі қабатты мекеме есігін ашты. Меңгеруші В.И. Безухова басшылық еткен ұжым аудандық байқауларда үздік атанды. Өкінішке қарай, 90-жылдардағы қиындықтар салдарынан балабақша жабылып, кейін ғимараты сүрілді. Бүгінде шағын орталық мектептің ішінен орын тапты.
1969 жылдан бастап ауылдың мәдени өміріне бұрынғы жатақханадан жабдықталған клуб серпін берді. Мұнда кинозал мен кітапхана жұмыс істеп, түрлі концерттер мен кештер ұйымдастырылды. «Көңілді ырғақтар» вокалды-аспапты ансамблі ауыл мақтанышына айналды. Клубқа ұзақ жылдар бойы З.В. Камагорова жетекшілік етті. 1990-жылдардың соңында ескі ғимарат жабылып, Мәдениет үйі ауылдың орталығына көшіп, жаңа тыныс алды.
Экономикалық өрлеудің жарқын символы – 1981 жылы іске қосылған кірпіш зауыты болды. Жылына 3 миллион кірпіш өндіретін бұл кәсіпорын Ертіс ауданын ғана емес, Қазақстан мен Ресейдің өзге де өңірлерін құрылыс материалымен қамтамасыз етті. Алайда 90-жылдардың ортасында зауыт тоқтап, кейін толық бұзылды.
Ауылдың өндірістік аймағында МТМ, автопарк, қоймалар, наубайхана, жанармай бекеті, монша, астық қабылдау пункті, ағаш өңдеу цехы жұмыс істеді. Дүкендер, асхана, қонақүй, ауылдық кеңсе, пошта бөлімі халыққа қызмет көрсетті. Медициналық қызметті ауыл тұрғындарының құрметіне бөленген фельдшер В.И. Булыгина басқарған фельдшерлік-акушерлік пункт атқарды.
Кеңшар орталығын қоршай Қарақұдық, Птичник, Ақсу, Шолақсай, азық дайындау бөлімшелері орналасты. Бұл елді мекендерде мал шаруашылығы мен егіншілік қатар жүргізіліп, ауылдың экономикалық жүйесінің негізі қалыптасты.
Кеңес Одағының ыдырауы ауыл үшін ауыр сынақ болды. Экономикалық тоқырау, жұмыссыздық, халықтың жаппай көшуі өз зардабын тигізді: кәсіпорындар жабылып, үйлер қаңырап, мектептегі оқушылар саны күрт азайды. Алайда ауыл рухын жасыта алмады — Амангелді тығырықтан сүрінбей өтті.
Бүгінде ауыл қайта түлеуде. Үйлерге су жүйесі тартылып, байланыс тұрақтанды, көшелер жөнделді, мектеп жаңартылды, жаңа жол салынып жатыр. Бірнеше шаруа қожалығы тұрақты жұмыс істеуде. Мұның бәрі — Амангелдінің жаңа дәуірге аяқ басқанын білдіреді.
Амангелді ауылының 70 жылдығы — бұл өткенге тағзым, болашаққа сенім. Бұл — іргесін қалаған, дамытуға үлес қосқан, ауылды жүрегімен сүйген жандарға деген алғыс пен құрмет. Ұстаздар мен механизаторлар, құрылысшылар мен сауыншылар, дәрігерлер мен басшылардың ерен еңбегіне тағзым. Бұл — қарапайым халықтың өз жеріне деген махаббатынан жаралған шынайы тарих.
Амангелді — ел шежіресіне айналған тірі тарих. Ол — бірлікке, еңбекке және болашаққа деген сенімге негізделген халықтың қуатының дәлелі.


Азамат Қ.
арнайы сайт үшін
 

Село Амангельды — 70 лет истории, труда и надежды

В 2025 году село Амангельды Иртышского района Павлодарской области отмечает 70-летний юбилей — значимую дату, наполненную трудовыми свершениями, культурным развитием и судьбами целых поколений. История села началась 7 апреля 1954 года, когда на основании постановления Совета Министров Казахской ССР был организован зерновой совхоз имени Амангельды. Он создавался на целинных и государственных землях с привлечением материально-технической базы колхозов «Амангельды» и «Жаңа Таң». Уже в 1955 году стартовала распашка целины, был вбит первый колышек, появились первые строения, начали прибывать первоцелинники. Неоценимую роль в становлении нового хозяйства сыграли жители соседних сел Каракудук и Аксу — строители, механизаторы, педагоги, ставшие первыми энтузиастами великого дела. Со временем эти сёла стали отделениями совхоза. В разные годы директорами совхоза имени Амангельды были Азаров В. Н., Потапов Г.Л., Колпаков И.Т., Буренков И. И., Мищенко А. Г., Богдашин В. В., Ахметов Г. А., Копбергенов К.К., Нургалиев М.О. и Кадыров Ж. Б. Председателями сельского совета в разные годы были Жылкыбаев Ж.Ж., Жарасов Д.Ж., Балтабаев А.Ж., Жакетов А.Ж., Кабжалялов А.А., Асылбаев Н.М., Кулинич Н.Г.,Сейфуллин Б.С, Логинов В.И. Акимами села были Аргунбаев Т.Б., Карагатеев Д.А., Байниязов Б.К., Бельгубаев К.К., Алкенов Д.Т., сейчас Шарманова А.С.
Село стремительно развивалось. В 1956 году открылась начальная школа, в 1961 — восьмилетняя, а в 1973 — средняя. В 1983 году было построено новое трёхэтажное здание с автономным отоплением и пришкольным участком. Школа стала не только образовательным, но и культурным центром жизни. При ней функционировал интернат для детей из отдалённых отделений, где имелось только начальное обучение. В самые непростые годы для села директор школы Н.М. Асылбаев проявил стойкость и дальновидность — сумел сохранить материально-техническую базу и обеспечить непрерывность учебного процесса, несмотря на все трудности.
В свое время хорошо была поставлена и система дошкольного образования. Первый детский сад располагался в старом приспособленном здании, но уже в 1987 году в селе открылось современное двухэтажное учреждение с шестью группами. Под руководством заведующей Безуховой В.И. коллектив детсада становился призёром районных конкурсов. К сожалению, в тяжёлые 90-е годы детский сад закрылся, а здание со временем было демонтировано. Сегодня мини-центр для детей расположен в школьном здании.
С 1969 года культурную жизнь села возглавил клуб, переоборудованный из общежития. Здесь работали кинозал, библиотека, проводились концерты и вечера отдыха. Особой гордостью стал вокально-инструментальный ансамбль «Весёлые ритмы». Долгие годы заведующей клубом была З. В. Камагорова. В конце 1990-х годов старое здание клуба было закрыто, а сельский Дом культуры переведён в центр села, где продолжил работу в новом формате.
Одним из символов экономического подъёма стал кирпичный завод, запущенный в 1981 году. Его производственная мощность достигала 3 миллионов кирпичей в год. Завод обеспечивал стройматериалами не только Иртышский район, но и другие регионы Казахстана и России. Однако в середине 1990-х он был закрыт и впоследствии демонтирован.
Производственная зона села включала МТМ, автопарк, склады, пекарню, автозаправку, баню, зерноток, деревообрабатывающий цех. Работали магазины, столовая, гостиницы, сельский совет, отделение связи. Медицинскую помощь оказывал фельдшерско-акушерский пункт под руководством В. И. Булыгиной — фельдшера, пользовавшегося особым уважением односельчан.
Вокруг центральной усадьбы располагались ключевые подразделения совхоза — Каракудук, Птичник, Аксу, Шолаксай, Заготзерно. В этих населённых пунктах разводили скот, выращивали зерновые, заготавливали корма — всё это было частью большого сельскохозяйственного механизма, на котором держалась жизнь села.
Распад Советского Союза стал серьёзным испытанием. Экономический спад, безработица, отток населения оставили свой след: закрылись предприятия, опустели дома, сократилось число учеников в школе. Однако, несмотря на все трудности, село Амангельды выстояло.
Сегодня здесь снова наблюдаются позитивные изменения. Проведена вода в дома, стабильно работает сотовая связь, обновлены улицы, отремонтировано здание школы, строится новая автодорога. В селе функционируют несколько крестьянских хозяйства. Всё это — признаки возрождения и движения вперёд.
70-летний юбилей села — это не только значимая историческая веха, но и возможность выразить благодарность всем, кто стоял у истоков, кто развивал и сохранял село. Это дань уважения труду учителей и механизаторов, доярок и строителей, руководителей совхоза и врачей. Это история, которую создавали обычные люди — с большой любовью к своей земле.
Село Амангельды — это живая летопись, вписанная в судьбу Казахстана. Это доказательство того, что сила народа — в единстве, труде и вере в будущее.

Азамат К.
специально для сайта


 

 

Санат: История | Қараулар: 210 | Добавил: jetline | Рейтинг: 4.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]